Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Сәуір, 2024

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтар мен мәдениет қайраткерлері марапатталады.
Мереке концерттік бағдарламамен, қайырымдылық акцияларымен, жәрмеңкелермен және байқаулармен жалғасады.
Одан түскен ақша су тасқыны салдарын жою үшін «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударылады.
11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтеді, онда 10-нан астам мейрамхана түрлі ұлттың тағамдарын ұсынады.
Кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді.

Қала аудандарындағы мерекелік іс-шаралар:

? Наурызбай ауданы:
- 11: 00, Шұғыла ш/а. 347, амфитеатры: «Бірлігіміз жарасқан» концерттік бағдарламасы, ұлттық тағамдар, киім-кешек және бұйымдар көрмесі.
- Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен азаматтарды марапаттау.

? Жетісу ауданы:
-  11: 00, Гулдер саябағындағы концерт (Серікова, 2а) Мәдениет үйінің ұжымдары мен шығармашылық үйірмелердің оқушылары.
- Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халықтарының көрмесі.

? Әуезов ауданы:
- 11:00, Сарыарқа сквері: «Гүлден, менің Қазақстаным!»
- Қайырымдылық көрмесі – қолөнер бұйымдарын сату.

? Алатау ауданы:
-  10:00, «Алатау» инновациялық шығармашылық орталығы: мерекелік концерт және суреттер көрмесі.

? Түрксіб ауданы:
- 10:00, Арбаттағы концерт (Сауранбаев көшесі Шолохов көшесінің қиылысы): этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы және көрмесі

? Медеу ауданы:
-  13:00, Көктөбе алаңы: «Жасыл қалам – Алматым» концерті.
- 15:00, Жамбыл атындағы филармония (Төле би көшесі, 21) «Гүл Алматы – Flower Sity» фестивалі

? Алмалы ауданы:
- 10:00, Арбат алаңы: қолөнершілер жәрмеңкесі және сағат 12:00-де концерттік бағдарлама
площадь Арбат: ярмарка ремесленников и в 12:00 концертная программа.

? Бостандық ауданы:
- Atakent КҚКО: «Алматы - біздің ортақ үйіміз» мерекелік бағдарламасы, концерт және қайырымдылық көрмесі. 

203 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз