Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2024

Астанада Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты осы жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейін Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз