Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Есірткі өндірісі үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

Мәжіліс бірінші оқылымда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Заң жобасында есірткіні заңсыз өндіру есірткі қылмыстарының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соқтыруы мүмкін.
Түзетулерге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі заттарын өндіру үшін жауапкершілікті барынша күшейту жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатымен Парламент депутаттары бастамашылық етті.

414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз