- Аймақ тынысы
- 18 Сәуір, 2024
СҚО: Су тасқыны басталғаннан бері шамамен 13 745 адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі СҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы ақпарат берді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою жалғасуда, сондай-ақ су тасқынына қарсы және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқыны басталғаннан бері шамамен 13 745 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 3 420 бала. 44 тұрғын үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 879 азамат, оның ішінде 153 бала орналасқан.
Барлығы шамамен 742 000 м3 су бұрылды, 25 000 м бөгет нығайтылды, 334 500 қап төселді.
290 рет
көрсетілді0
пікір