- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында тікұшақтың көмегімен 1184 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Құтқарушылар Мамыр, Нұра, Белшер, Күйліс ауылдарынан тікұшақтың көмегімен 1184 тұрғынды, оның ішінде 643 баланы эвакуациялады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 623 тұрғын уақытша орналастыру пункттерінде, 541 тұрғын туыстарына орналастырылған.
Күйліс ауданының Құлыс, Жайсанбай және Белшер ауылдарында құтқарушылар тәулік бойы бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақты.
136 рет
көрсетілді0
пікір